Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
«Сақтандырылған» мәртебесі тек соңғы 12 ай ішінде төлемдер үзбей жүргізілген жағдайда ғана беріледі. Ал үзіліс болған жағдайда мәртебе уақытша тоқтатылады, бұл МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке қолжетімділікті шектейді.
Жарналар мен аударымдар ай сайын төленуі тиіс. Олардың толық әрі уақтылы төленуін мемлекеттік кірістер органдары бақылайды. Мерзімдер бұзылған жағдайда өсімпұл есептеледі, сондай-ақ салықтық әкімшілендіру шаралары қолданылады.
Мемлекеттік кірістер комитеті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен бірлесіп, МӘМС жүйесіне аударымдар мен жарналарды төлеу бойынша міндеттемелердің орындалуын тұрақты түрде мониторингтен өткізеді.
2025 жылдың қорытындысы бойынша жұмыс берушілер, жеке кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын тұлғалар арасында жарналар мен аударымдарды уақтылы төлемеу жағдайлары жиі тіркелген.
Шектеулердің алдын алу және медициналық көмекке қолжетімділікті сақтау үшін төленбеген кезеңдердің бар-жоғын тексеріп, қажет болған жағдайда өткізіп алған айлар үшін төлем жасаған жөн.

15.04.2026
66% считают статью полезной
Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
ҚОР ШАҒЫМДАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР ТУРАЛЫ ХАБАРЛАЙДЫ
Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы №648 «Біртұтас медициналық ақпараттық call-орталығының қызметін ұйымдастыру ережелері мен оның регламентін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізілді.
01.04.2026